Компанияның миссиясы
Компанияның миссиясы қаржыландырудың қолжетімді және тиімді жүйесін қалыптастыру
және АӨК субъектілерінің құзыреттерін арттыру жолымен Қазақстан Республикасының
агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады.
АӨК ҚАРЖЫ ДАМУ ИНСТИТУТЫ
Пайымдау
2026 жылға қарай Компания - тұрақты және қолжетімді қаржыландыру жүйесін дамыту және АӨК субъектілерінің құзыретін арттыру арқылы агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыруға, қарқындандыруға және әртараптандыруға ықпал ететін қызметтің тиімді моделіне ие АӨК-ні дамытудың қаржы институты.

Стратегиялық Қызмет Бағыттары:
- АӨК субъектілерін қаржылық қызметтермен қамтуды ұлғайту;
- Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсуіне жәрдемдесу;
- Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Операциялық қызметті жетілдіру;
- Корпоративтік басқарудың сапасы мен ашықтығын арттыру.

«ОнтустiкАгроНесие Несие Серiктестiгi» ЖШС
Қазіргі уақытта Серіктестік - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде айқындалған ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың басым бағыттары бойынша кредит беру бағдарламаларын іске асыратын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымы.

Есенов Максат Кимкабекович
Басқарма төрағасы